Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Институт ардагерлері


СҮЛЕЙМЕНОВ Бекежан Сүлейменұлы


СҮЛЕЙМЕНОВ Бекежан Сүлейменұлы – (12.12.1912, Ақтөбе обл. Шалқар ауд. – 30.06.1984, Алматы) – ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор. 1938 ж. К. Либкнех атынд. ММПИ тарих ф-тін бітіріп, Абай атынд. ҚазПИ-ның КСРО тарихы каф-да сабақ береді. 1943 ж. бастап КСРО ҒА Қазақ филиалының Тіл, әдебиет және тарих ин-тында жұмыс істеді. 1945 ж. «1867-68 жж. Қазақстандағы реформалар» тақырыбында канд. дисс.қорғады. 1946 жылдан ҚазКСР ҒА Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археол. және этногр. ин-тының рев-ға дейінгі Қазақстан тарихы бөлімінің меңгерушісі. Ол патшалық Ресейдің Қазақстанда жүргізген отаршылдық саясатын зерттеумен шұғылданып, 1-ші орыс рев-сы тұсындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмірдің ерекшіліктері жайында еңбектер жазды. ХХ ғ. 50-ші жылдарындағы қоғамдық ғылымдар саласындағы «тазарту» кезінде Ермұхан Бекмахановтың негізсіз айыпталуына қарсылық танытып, оның Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысы туралы ғылыми тұжырымын қолдаған. 1952 ж. өзі де кеңестік тоталиатарлық жүйе тарапынан қысымшылыққа ұшырайды. Оның еңбектеріне «реакциялық пиғылдағы бай феодалдарды, хандар мен сұлтандарды дәріптеді, ұлтшылдық идеяларды насихаттады» деген айыптар тағылып, сот шешімімен 25 жылға сотталған. Жазасын Иркутск обл. еңбекпен түзету лагерінде өтеп жүріп, тек 1954 ж. ақталады. Одан шыққаннан  кейін Ш. Уәлиханов атынд. Тарих, археол. және этнол. ин-тына ғылыми қызметкер болып жұмысқа орналасады. 1957-1984 жж. ин-тың рев-ға дейінгі Қазақстан тарихы бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. 1965 ж. «ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы аграрлық мәселе» тақырыбында докт. дисс. қорғады. 1968 ж. проф. ғылыми атағын алады. 1972 ж. ҚазКСР ҒА мүше-корр. болып сайланды. Қазақстандағы ұлт-азаттық және революциялық қозғалыс тарихының мәселелерін зерттеді. Қазақ ағартушыларының шығармашылық мұрасы туралы бірқатар еңбектері үшін 1980 ж. ҚазСКР ҒА Ш.Ш. Уәлиханов атынд. сыйлығына ие болды. «Қазақ КСР тарихы: (ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейін)» атты 5 томдық еңбекті жазуға қатысты. Ғалымның зерттеулері ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғ. бас кезіндегі аграрлық мәселелер, 1916 ж. ұлт-азаттық көтеріліс және Қазақстандағы қоғамдық ой-пікір мен ағартушылық тарихына арналды. Осы мәселелер туралы бірнеше іргелі ғылыми еңбектері мен деректер жинақтарын жариялаған. 1960 ж. Мәскеуде өткен ХХV халықаралық шығыстанушылар конгресінің, 1905 ж Мәскеу, Тбилисиде өткен, буржуазиялық-демократиялық революцияның мерейтойлық күндеріне арналған симпозиумдардың жұмысына қатысты. Іргелі зерттеулер жүргізумен қатар білікті тарихшыларды дайындауға да зор үлес қосқан тарихшының жетекшілігімен 20-дан астам канд. дисс. қорғалды. Оның қазақ ғылымы мен қоғамдық өміріне қосқан үлесі үшін «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін», «Еңбектегі ерлігі үшін», «Ерен еңбегі үшін. В.И. Лениннің туғанына 100 жыл толуына орай» медальдарымен, Қазақ КСР ЖК-нің Құрмет грамоталарымен марапатталған. 

Шығ.: Восстание 1916 г. в Казахстане: (Документы и материалы). – А.-Ата: Изд. АН КазССР, 1947. 213 с. (ред.); Основные вопросы истории восстания 1916 г. в Казахстане // Изв. АН КазССР. Сер. ист., 1948. Вып. 4. С.73-85; Казахстан в первой русской революции. – А.-Ата: Изд-во АН КазССР, 1949. 58 с.; К характеристике общественно-политических взглядов Ибрая Алтынсарина // Труды первой сессии Отделения общественных наук АН КазССР (21-23 февраля 1949 г.). – А.-Ата, 1950. С.23-31; Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығ. – Алматы, 1955. – 416 б. (құраст.); Жизнь и творчество Ибрая Алтынсарина (1841-1889) // Алтынсарин И. Избр. произв. -А.-Ата, 1957. С.5-40; Вопросы публикации документов и материалов по истории Казахстана в советскую эпоху // Изв. АН КазССР. Сер. истории, археологии и этнографии, 1958, № 2(7). С.90-95; Некоторые вопросы истории Казахстана в трудах А.А. Диваева // Там же. 1959, № 1. С.41-48; Рабочее и аграрное движение в Казахстане в 1905-1907 гг. // Тр. ИИАЭ АН КазССР. Т.11. Вопросы истории Казахстана ХІХ-начала XX в., 1961. С.3-71; К истории аграрного движения казахских шаруа в годы первой русской революции // Вестн. АН КазССР, 1962, № 4. С.32-39; Аграрный вопрос в Казахстане последней трети XIX – начала XX в. -А.-Ата: Изд-во АН КазССР, 1963. – 411 с.; 1966. Вып. 1. С.28-37; Историческое значение восстания 1916 г. в Казахстане // Изв. АН КазССР. Сер. обшеств., 1966, № 6. С.22-29; Казахстан в ХV-ХVІІІ вв.: (Вопросы социально- политической истории). – А.-Ата: Наука, 1969. -204 с. (Ответ, ред.); Материалы по истории казахских ханств ХV-ХVІІІ вв.: (Извлечения из персидских и тюркских сочинений). – А.-Ата: Наука, 1969. 652 с. (Ответ, ред.); Амангельды Иманов – народный батыр восстания 1916 г. в Казахстане // Вестн. АН КазССР, 1973, № 4. С.33-37; 200 лет Крестьянской войны под предводительством Е.И. Пугачева //Там же, № 12. С.64-66; Казахстан накануне и в период победы Великого Октября // Великий Октябрь в Казахстане. – А.- Ата, 1977. С.8-35. (Совместно с В.Я. Басиным, Ф.М. Маликовым); Революционное движение в Казахстане в 1905-1907 гг. – А.-Ата: Наука, 1977. -256 с.; Восстание 1916 г. в Казахстане: (Причины, характер, движущие силы). – А.-Ата: Наука, 1977. 1-65 с. (Совместно с В.Я. Басиным); Алтынсарин И. Собр. соч. В 3-х т. -А.-Ата: Наука, 1975-1978. (Ответ. ред.); Навеки вместе. – А.-Ата: Знание, 1980. -50 с.; Казахстан в составе России. -А.-Ата: Наука, 1981. -247 с. (Совместно с В.Я. Басиным).

Әдеб.: Сулейменов Бегежан: (К шестидесятилетию со дня рождения) // Изв. АН КазССР. Сер. обществ., 1973, № 2. С.82-83; 60-летие члена-корреспондента АН КазССР Б. Сулейменова // Вестн. АН КазССР, 1973, № 3. С.74; 70-летие Б. Сулейменова // Вестн. АН КазССР, 1982. № 12. С.70; Бегежан Сулейменов [Некролог] // Там же, 1984. № 9. С.75. Биобиблиография обществоведов Казахстана. – А.-Ата, 1986. С.397; Асылбеков М.Х., Есқалиев С.А. Бекежан Сүлейменов – тарихшы-ғалым. – Алматы: Өркениет, 2001. – 182 б.; Қазақстанның тарих ғылымы: Ш. Уәлиханов атынд. Тарих және этнология ин-ның 60-жылд. арн. – Алматы, 2005.

З. Төленова, А. Қали